Қарқаралы қаласына су тарту жұмыстары басталды
Қарағанды облысының Қарқаралы қаласына су тарту жұмыстары басталды. Құрылыс 2023 жылы аяқталуы тиіс. Сол кезде елді мекенге тәулігіне 4 мың текше метр су беруге мүмкіндік болады. Бұл тұрғындарды қысы-жазы тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге жеткілікті. Жоба бойынша 3 сорғы станциясы, сыйымдылығы 2 мың текше метр болатын 3 бірдей су қоймасы салынып, 38 шақырым құбыр тартылуы тиіс. Бұл мақсатқа шамамен 2 миллиард 400 миллион теңге қажет. Ал қазір Қарқаралыда ауыз су тапшы. Орталық су торабы 9 мың тұрғыны бар шаһарды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Себебі жерасты суының қоры тым аз.
Талғат Омаров, Қарқаралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:
38 шақырым су құбырының 19 шақырымы қазылып, 12 шақырымына пластикалық трубалар орнатылды. Биылғы жоспар бойынша біз 38 шақырымның бәріне трубаларды орнатамыз. Қалған сомаларды бюджет тарапынан берілген жағдайда келесі жылы тапсыруға жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні жұмыс кестеге сай жүргізілуде.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық жарысы өтті
20.08.2026, 17:35
Жетісу омарташылары 130 тоннадан аса бал өндіреді
20.08.2026, 17:31
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 17:29
Атыраулық диқандар 50 мың тоннадай өнім жинады
20.08.2026, 17:27
Өскеменде қоқыс шығаруды цифрлық жүйемен бақылайды
20.08.2026, 17:25
Гарри ханзада мен жұбайы Меган еліне оралады
20.08.2026, 17:22
Бұрынғы мультимиллиардер қалған өмірін түрмеде өткізеді
20.08.2026, 17:20
Фельдшер Ұ.Мырзуан ісі: Жәбірленуші тарап тыңдалды
20.08.2026, 17:17