Тараз шаһары Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы атанды
2000 жылдан астам тарихы бар Тараз шаһары Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы атанды. Айта кетейік, бұл тізімде 59 мемлекеттің қаласы бар. Әлем бойынша қолөнершілер шаһарларының тізімі 2014 жылы жасалған. Тараз бұл тізімге енген Қазақстандағы алғашқы қала.
Облыс орталығында ұйымдастырылған халықаралық көрмеде Тараздың шеберлер шаһары атанғаны салтанатты түрде жария етілді. Бұл өңірдің мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиға. 4 күнге жалғасқан іс-шараға 200-ден астам қолөнерші қатысты. Келген қонақтар үшін арнайы тур ұйымдастырылып, тарихи нысандар таныстырылды. Айта кетейік, Жамбыл облысында бүгінде 3 жарым мыңға тарта тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 5-і ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізбесіне енген.
Сәкен Сыздықов, шебер:
Бүгінгі өтіп жатқан халықаралық қолөнершілер іс-шарасы үлкен фестиваль. Қуыныштымыз, шетелдерден келіп жатыр. Мынау Үндістаннан, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан талай елдерден келіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық жарысы өтті
20.08.2026, 17:35
Жетісу омарташылары 130 тоннадан аса бал өндіреді
20.08.2026, 17:31
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 17:29
Атыраулық диқандар 50 мың тоннадай өнім жинады
20.08.2026, 17:27
Өскеменде қоқыс шығаруды цифрлық жүйемен бақылайды
20.08.2026, 17:25
Гарри ханзада мен жұбайы Меган еліне оралады
20.08.2026, 17:22
Бұрынғы мультимиллиардер қалған өмірін түрмеде өткізеді
20.08.2026, 17:20
Фельдшер Ұ.Мырзуан ісі: Жәбірленуші тарап тыңдалды
20.08.2026, 17:17