Киік санын реттеу бойынша арнайы бағдарлама жасалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киік санын реттеу бойынша арнайы бағдарлама жасалмақ

03.10.2022

Батыс Қазақстан облысында киіктің санын реттеу мәселесі әлі шешілмей келеді. Аймаққа жұмыс сапарымен барған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов жергілікті ғалымдар мен шаруалардың бұған қатысты нақты ұсынысы болса, бірлесіп шешуге дайын екенін айтты. Биылғы көктемгі санақ бойынша киік 1 млн 300 мыңнан асқан. Оның 800 мыңы осы өңірді мекендейді. Алайда жергілікті ғалымдар киікті сәуірде емес, төлдеп болған соң, күзде санау керегін айтады. Олардың есебінше, тек батыс аймақта бөкеннің саны 1 млн 200 мыңға жеткен. Ал шаруалар киіктің егіс пен жайылымға орасан зор зиян келтіріп отырғанын айтып, шығынды өтеу, субсидия төлеу мәселесін көтерді.

Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

Бір шешімге келейік. Себебі, бір жағынан, экоактивистер бар, екінші жағынан біздің диқандар қиын жағдайда қалып отыр. Ортада бір шешім бар шығар. Соны бәріміз отырып талқылап, бір шешімге келейік.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу