«Отбасы банк» төрағасы: Пәтерақының қымбаттауы уақытша құбылыс
Пәтерақының қымбаттауы уақытша құбылыс. «Отбасы банктің» төрағасы Ләззат Ибрагимова осылай деп есептейді. Банк платформасында тұрғын үй жалдау субсидиясын алуға құқығы бар төрт санат бар. Олар І және ІІ топтағы мүгедектер, жетім балалар, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған жанұялар. Бүгінге дейін 25 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 8 мыңға жуығы мақұлданған. Арнайы брифингте Қаржы институтының басшысы тұрғын үй нарығындағы ахуалға орай баспана жалдау субсидиясы мөлшерін өзгертуге қатысты да ойымен бөлісті. Оның пікірінше, нарықтағы жағдайға байланысты нақты шешім қабылдауға әлі ерте.
Ләззат Ибрагимова «Отбасы банк» АҚ төрағасы:
Тарифтер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен бекітіледі. Олар әр аймақта әр түрлі. Арнайы кесте бар. Менің ойымша, пәтерақының өсу құбылысын кем дегенде 1 жарым ай бойы бақылау керек. Бұл уақытша құбылыс деп ойлаймын. Кейін бәрі бұрынғы деңгейге оралады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21