СҚО-да беті ашық қалған шұңқыр қауіпті болып тұр
Солтүстік Қазақстан облысының Ильичевка ауылына су құбырын тартпақ болған мердігер компания көшеде терең ор қазып, сол күйі қалдырып кеткен. Тұрғындар шұңқырға бала-шаға түсіп кете ме деп алаңдап отыр. 12 шақырымдық су жүйесін тартуға бюджеттен 1 млрд 78 млн теңге бөлінген. Халық әзірге сапалы судың емес, балалары мен төрт түліктің амандығын ойлап әлек.
Эльмира Кәленова, тілші:
Тұрғындардың айтуынша, сәуір айында қазылған мына шұңқырлар әлі күнге ашық жатыр. Өткен аптада терең орға сиыр да түсіп кеткен. Енді көпшілік бала-шаға үшін алаңдайды.
Қалияқпар Кәкей 30 жылдан бері осы ауылда тұрады. Көктемнен бері күндіз-түні уақыты немерелерін аңдумен өтетінін айтады.
Қалиақпар Кәкей, ауыл тұрғыны:
Ертең қар түседі, қардың астында қалады. Немене болады мынау сонда? Бұл бір жағынан бізге су керек, екінші жағынан мына мемлекеттен бөлінген қаражат ғой. Желге ұшып жатыр ғой. Мынаған неге жаны ашымайды.
Мәншүк Зардхан, ауыл тұрғыны:
Ашық жатыр. Күзде жаңбыр болады, одан кейін саз болады. Мына батпақтың бәрі ағып үйге кіреді. Сөздің шыны керек. Сол мына жұмыста аяқсыз неге қалдырды?
Ал мердігер компания өкілдері жобаның екі жылға жоспарланғанын алға тартып отыр. Қазылған шұңғырдың беті дер кезінде жабылмауына құрылыс материалдарының тапшылығы себеп.
Жасұлан Тұрғанбаев, мердігер компания өкілі:
Тастап кеткен жоқпыз, біз жұмыс істеп жатырық. Объектіде жұмыс жасалнып жатыр. Бізде қазір кольца жабылмай жатқан себебі, өндіріс үлгермей жатыр. Себебі қазір маусым болғандықтан, барлық жерде осындай жұмыстар жасалынып жатыр. Лентаның бәрін жауып қоямыз, балалар жүреді, мал өтеді күнде, ол жерден. Үзіп кетеді.
Ауылдық округ әкімдігі мердігерден шұңқырларды жабуды талап еткен. Сөз жүзінде берілген уәде бірнеше айдан бері орындалмай келеді.
Нариман Тасымов, Амандық ауылдық округінің әкімі:
1 млрд 78 млн бөлінген. Оның 500-і қазір бөлінгөн. Жұмыстар істелініп жатыр енді. 2022 жылы басталды. 2023 жылға дейін. Мында ескі су мұнарасы бар. Сол жерден алып жатыр.
Елді мекенде 150 шаңырақ бар. Жоба бойынша орталықтандырылған су құбыры әр үйге тартылуы тиіс. Әзірге тұрғындар ауыз суды ауылдағы құдықтан тасып отыр. Оның сапасы көпшіліктің көңілінен шықпайды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qazaqstan және Qazsport: Бүгін 6 боксшымыз шығады
12.09.2025, 14:33

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына серпін қажет
12.09.2025, 14:24
ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады
12.09.2025, 14:21
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілді
12.09.2025, 14:18
Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 14:15
Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
12.09.2025, 14:12
Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды
12.09.2025, 14:09
Ресейде ХІ Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтті
12.09.2025, 14:06