Халық электрондық цифрлық қолтаңбадан бас тарту керек - министр
Электрондық цифрлық қолтаңбадан бас тартып, оның орнына «eGov Mobile» қосымшасы арқылы құжаттарға QR-мен қол қоятын кез келді. Бұл туралы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді. Айтуынша, жаңашылдық тұтынушыларға қызмет көрсетуді оңайлата түседі. Қажетті құжаттарға да лезде қол жеткізе алады. Бар болғаны азаматтар «EGov Mobile» қосымшасын жүктеп, тіркелуі керек. Ал, тиісті деректерді телефон камерасымен QR кодты сканерлеп қол қоюуға болады. Сондықтан, электрондық цифрлық қолтаңбаны флешкаға жазып, компьютерде сақтаудың қажеті жоқ.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Электрондық цифрлық қолтаңбаны халықтың көбі әлі күнге дейін дұрыс түсінбейді, оны қалай пайдалануды білмейтіндер де бар. Тіпті, сол үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып уақыт жоғалтады. Оның жарамдылық мерзімі бітіп қалса, азаматтар тағы сабылады. QR – ең оңтайлы тәсіл, құжат алуды жеңілдетіп қана қоймай, стартап индустриясына және барлық технологиялық платформаларға оң әсерін тигізеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21