Шағын және орта кәсіп иелеріне арналған мораторийге өзгерістер енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта кәсіп иелеріне арналған мораторийге өзгерістер енгізілуі мүмкін

27.09.2022

Осыған байланысты шағын және орта кәсіп иелеріне арналған мораторийге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өйткені, жалдамалы пәтердің бағасын бағамдау мүмкін болмай отыр. Бұл мәселені Үкімет қалай реттемек?

Көршілердің көші көпті әбігергені салғаны рас. Жалдамалы пәтердің бағасы аспандады. Бұл біздегі бірқатар мәселені де ашып берді. Осыған дейін салада бақылау да, тексеріс те баяу жүрді. Әр адам өз баспанасына өзі ие. Қаншаға, қалай берем десе де өз еркі. Бірақ, шынтуайтына келгенде екі тарап заңды түрде келісімшарт жасасуы тиіс. Алайда оны елеп, құжат жүзінде бекіткендер некен-саяқ. Пәтерді жалға бергендер заң бойынша салық төлеуге міндетті. Бірақ, осының бәрін тексеруге шағын және орта бизнеске мораторий қолбайлау.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі:

Қазір мараторий болып жатыр. Мараторий кезінде жайдан жай тексере алмаймыз. Ол адамдар жеке адамдар, ол айтуы мүмкін, туысқандарым тұрып жатыр. Сіз оларды қуып жібере алмайсыз ғой. Әртүрлі жағдайға байланысты болып жатыр. Сондықтан олардың бәрін тексеру керек. Сосын бәрін тиісті шаралар қабылданатын болады.

Алдағы уақытта мораторий алынып тасталуы мүмкін. Қаржы министрі өзгеріс енгізуді қарастырып жатқанын айтты. Қазір барлық ведмоства басшылары кешенді шараларды қолға алды.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Әрине бір қысымы бар. Біздің инфрақұрылымға, оның бәрін шұғыл түрде шешіп жатырмыз.

Ал еңбекпен қамтуда ең алдымен ел азаматтарына басымдық беріледі. Мұны кәсіпорындар мен мекемелер түгел ескеруі керек.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналысындағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Осыған орай айтайын дегенім - шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет.

Қайткен күнде, алдымен Ұлттық мүдде ескеріледі. Өз азаматтарымызға жағдай бірінші жасалады. Үкімет мүшелері осыған уәде берді.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу