Еліміздегі ХҚКО-лар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ХҚКО-лар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

27.09.2022

Еліміздегі сегіз облыстың халыққа қызмет көрсету орталығы шетелдік азаматтарды қабылдауды жалғастырып жатыр. Жұмыс күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатқандықтан Астанадағы мекемеде ұзын-сонар кезек азайды. Қазір жиналғандардың қатары екі есеге дейін кеміді. Мұнда ағылып жатқандардың дені жеке сәйкестендіру номерін қажет етеді. Оларға орталықтың 20 қызметкері қызмет етуде. Бір күннің ішінде орталық үш мыңнан астам шетелдік азаматқа қызмет көрсетуге қауқарлы. Өтініш берушілердің арасында көбінесе 25-35 жас аралығындағы IT саласында қызмет ететін мамандар.

Антон Голосниченко, «АРТ ИКС» технологиялық компаниясының директоры:
Жалғыз келгенмін. Кейін жанұямды да осында алып келемін деген ойдамын. Жұмыс жағынан ешқандай қиыншылық жоқ. Әзір мен қашықтықта қызмет етіп жүрмін. Келешекте осында фирма ашыу жоспарда бар.
Мәди Саданов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қалалық филиалының директоры:
Бір қызметті алу үшін кемінде бес минут кетеді. Бес минуттың ішінде 20 адам өтеді. Өте жылдам деп те айтуға болады. Кезек бір орында тұрмайды.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу