Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды

26.09.2022

 Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды. Астаналық сот оған осындай үкім кесті.  Ол заңсыз жолмен «Қазақтелеком» мен «Қазақстан теміржолы»  компаниясына тиесілі «Көліктік сервис орталығынан» аса ірі көлемде қаржы жымқырған деп айыпталған болатын. Ол бұл айыппен келісіп, «Көліктік сервис орталығына» 28 миллиард теңге, «Қазақтелекомға» 12 миллиард теңге төлеп, шығынды толық өтеді. Естеріңізге салайын, Қайрат Сатыбалды биыл наурызда қамауға алынды. Оның үстінен «алдау жолымен мүліктік залал келтірді» , «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салды»  деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Сонымен, Қайрат Сатыбалды кінәлі деп танылып, бірнеше бап бойынша 6 жыл бас бостандығынан айырылды. Әрі мемлекеттік қызметте 10 жыл жұмыс істеу құқынан да айырылды. Мүлкә тәркіленеді. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.



Хабарламаларға жазылу