Мамандар телемедицинаны дамытуды ұсынды
Денсаулық сақтау саласын ілгерлету үшін цифрландыру жүйесі мен телемедицинаны дамыту қажет. Өзекті мәселе Түркістанда өтіп жатқан ТМД елдері денсаулық сақтау саласы басшыларының кеңесінде талқыланды. Қазір елдегі медициналық ұйымдардың көбі IT-инфрақұрылым жүйесімен қамтылған. Тұрғындар үшін пациенттің жеке кабинетіндегі eGov электрондық үкімет порталындағы және eGovMobile мобильдік қосымшасындағы бірқатар цифрлық сервис іске қосылған.
Елена Шамаль, ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесінің хатшысы:
Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласын цифрлық жүйеге көшіру кезек күттірмейтін мәселе. Қазір бүкіл әлем осы саланы электронды жүйеге жаппай көшіріп жатыр. Біз бүгін алдағы уақытта осы саладағы бірлесіп атқаратын жұмыстарымызды пысықтадық. Барлық мемлекеттер осы міндетті алдарына стратегиялық мақсат етіп қойған. Оны атқаруда әркімнің өзі жетістігі мен тәжирбесі бар. Біз бүгін соның барлығын дөңгелек үстел басында бірге талқылап, тәжірибе алмастық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
28.06.2026, 12:18
Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады
27.06.2026, 16:48
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
27.06.2026, 10:50
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10