Мектептерге жарылғыш зат қойылды: Жалған ақпарат таратушылардың ісіне тоқтау болмай тұр
Бүгін Ішкі істер министрлігінің сайтына Ақтөбе орталығындағы 8 білім ордасына бомба қойылғандығы туралы хабарлама келген.
Полиция мен арнайы қызмет өкілдері аталған мекемелерге лезде жетті. Шұғыл түрде оқушылар мен ұстаздар қауіпсіз жерге шығарылды. Іздеу шаралары барысында ешқандай қауіпті зат табылмаған соң оқу процесі қайта жалғасты. Полицейлер анонимді хабарламаның авторын іздеп жатыр. Осыдан екі күн бұрын да Назарбаев зияткерлік мектебінің электронды адресіне қаладағы төрт мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келген еді. Аталған фактілер бойынша «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Метгүл Қосымбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы:
Өтпей қалған сабақтар болса, ертең, келесі апта сол пән бойынша әр мұғалім балаларға соны жеткізеді. Ешқандай ата-аналардан шағым түсіп жатқан жоқ. Бірақ тиісті құзырлы органдар тиісті жұмысын жүргізеді деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14