Ресей экономикасы құлдырап жатыр
Ресейде рубль құлдырауда. Путиннің ішінара мобилизациялау туралы мәлімдемесінен соң ұлттық валюта 5 пайызға арзандаған.
Индира Бегайдар, тілші:
Ішінара мобилизациялау туралы мәлімдемеден соң ресейлік акциялар құнын жоғалтты. Келген шығын – 1 трлн рубль. Демек баға өседі. Онсыз да тұрғындарды қымбатшылық қыспаққа алды. Азық-түлік, техника, құрылыс материалдары 100 пайызға дейін қымбаттаған. Мәлімдемеден соң Ресейден Ыстамбұл, Алматы, Бішкек, Баку сияқты қалаларға әуе билеттері бірден сатылып кетті. Бағасы да шарықтап шыға келді. Елден кеткісі келетіндердің саны күрт өсті. Мәселен, Мәскеуден Алматыға үшінші мемлекет арқылы жету үшін ұшақ билеті 8 миллион теңгеге дейін барған. Қаржыгерлердің айтуынша, ел үшін дағдарыстың зардабы ауыр болмақ. Ірі компаниялардың 23 пайыздан астамы жұмысшыларын қысқартпақ. Ресейде 4 млн адамға жұмыссыз қалу қаупі төніп тұр.
Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының бас директоры:
Санкциямен күресудің тиімді жолы-өз өндірісімізді көбейту, яғни импорттық тауарларға тәуелділіктен арылу. Алайда ол үшін қаржы мен уақыт керек. Бәрі бүгін, ертең шешіле қоймайды. Кем дегенде 3-4 жыл кетеді. Жуырда Ресейге қарсы жаңа санкциялар жарияланады деп ойлаймын.
Қазір бюджет тапшылығы – 2.9 трлн рубль. Дүниежүзілік банк Ресейдегі қымбатшылық 22 пайызға дейін жететінін мәлімдеді. Ал мамандар егер санкциялардың келесі пакетінде Ресейлік экспортты толықтай шектеу туралы ереже қабылданса, экономика құлдырай түседі деп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жауынгерлер жерленген зират тазартылды
30.04.2026, 20:59
Жеңіс күніне орай жүгіруден марафон ұйымдастырылды
30.04.2026, 20:57
Түркияда Орта дәлізді дамыту туралы жиын өтті
30.04.2026, 20:55
Астанада 3000 оқушы бір мезетте «Ақ көгершін» әнін шырқады
30.04.2026, 20:53
E-Otinish платформасын күніне 30 мың адам пайдаланады
30.04.2026, 20:14
«Әділет» партиясы ресми цифрлық платформасын іске қосты
30.04.2026, 20:12
Асфальт-бетон зауыттары өндірісті ұлғайтты
30.04.2026, 20:09
Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады
30.04.2026, 20:06