Ана мен бала өлімі көп тіркелетін өңірлер аталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ана мен бала өлімі көп тіркелетін өңірлер аталды

21.09.2022

Елде дәрігерлік көмек жетіспейді. Оны реттеуі тиіс Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзінде шикілік көп. Соның салдарынан халықтан арыз-шағым азаймай тұр. Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері де мәз емес. Әсіресе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарына өршіп тұр. Бұған бей-жай қарауға болмайды. Шұғыл шешімдер қажет. Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Үкімет басшысынан осындай міндеттер алып қайтты. Қарашаға дейін МӘМС-ті қаржыландыруды жетілдіруге қатысты Қаржы министрлігімен бірлесіп ұсыныс дайындауы тиіс.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Толыққанды бұл жүйенің жұмыс жасауына пандемияның кесірі тиді. Сондықтан да бұл жүйені әрі қарай да жандандыру керек. Оның жұмысын жақсарту керек. Халықтың сұранысына байланысты бұл жұмыстың бетін медициналық көмекке бұру керек.

Сондай-ақ шала туған, туа бітті ауруы бар балалардың да саны көбейген. Оларды оңалту шараларына басымдық берілуі тиіс. Арнайы орталықтардан бөлек, биыл бірінші рет ерте араласу деп аталатын 2 орталық ашылды. Жыл аяғына дейін тағы үшеуі іске қосылады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көмегін көрсетуге ерекше назар аудару қажет. Өңірлермен бірлесіп, заманауи перинаталдық орталықтар салу, балалар ауруханаларын қазіргі заманғы диагностикалық және оңалту жабдықтарымен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.


Хабарламаларға жазылу