Бір мерзімге сайлау - жаңа демократиялық модель – ел тұрғындары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір мерзімге сайлау - жаңа демократиялық модель – ел тұрғындары

19.09.2022

Жаңарған мемлекеттік басқару жүйесі «Екінші Республика» моделін жүзеге асыруға оң серпін береді. Президенттің өкілеттігіне қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзімді енгізу демократиялық зайырлы мемлекеттің жарқын көрінісі, дейді көпшілік.

Бұл ұсынысты мен құптаймын және қолдаймын. Енді Президент 7 жылға ғана сайланады. Осы кезде бастаған идеялары мен жоспарларын атқарады. Келесі келген адам біздің Жаңа Қазақстан үшін басқаша өсіп келе жатқан ұрпақ үшін тың жұмыстарды атқарады деген ойдамын.

7 жылдық мерзімге сайлауға берілген мерзіміне мен өз басым дұрыс деп ойлаймын. Өйткені бұған дейін ондай ұсыныс Орта Азияда президенттер арасында болмаған. Өйткені біздің Президентіміздің бағдарламасына сәйкес «Жаңа Қазақстан» жаңа өзгерістер болуға лайық деп ойлаймын.

Астана атауы барлық жастарға, осы жерлестерімізге, жағымды естіледі және Нұр-Сұлтан қаласы болып ауысқан күннің өзінде барлығымыз барған кезде «Астанаға бара жатырмыз, Астанадан келе жатырмыз» деп айтамыз. Сондықтан Астана болып ауысқанына негізі толыққанды келісемін.

Билік мұрагерлік емес. Президенттің 7 жылда бір сайлануын дұрыс деп ойлаймын. Бұл демократиялық мемлекеттің айқын көрінісі. Жеті жылда Президенттің жаңадан сайлануы бұл мемлекетіміздің қарқынды және жаңашылдық бағытта дамуына жол ашады деп ойлаймын.

Мен туғаннан еліміздің астанасы Астана деп аталып келеді. Сондықтан маған ол атау ыстық. Солай оқыдық, солай атап келе жаттық.


Хабарламаларға жазылу