Бұл өзге мемлекеттер тұтынатын шикізаттық емес тауарлардың көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Отандық бизнестің әлеуетін арттарады. Кәсіпкерлер халықаралық сауда ережелерінен бастап, сапа мен сәйкестік стандарттарымен кеңінен танысады. Тауарды шетелге шығару рәсімдері бойынша тәжірибелерін шыңдайды. Басқа нарыққа шығуға дағдыланады. Модульді оқыту бағдарламасына онлайн немесе нұсқаушылардың басшылығымен офлайн түрде қатысуға болады. Жобаны Еуропалық одақ қаржыландырады. Ал тренингті халықаралық сауда орталығы әзірлеген.
Айнұр Әмірбекова, «QAZTRADE» АҚ департамент директоры:
Офлайн семинарлар жыл соңына дейін басқа өңірлерімізде өткізілетін болады. Жыл соңына дейін 200 бизнес иелерін оқыту мақсат болып отыр. Платформа өте ыңғайлы болады. Платформа 24 сағат бойы ашық. Тіркелу арқылы кіріп, өзіне ыңғайлы уақыт режимінде өтсе болады. «QazTradeAcademy» деп аталады платформа. Ал платформаның домені qaztradeacademy.kz ұсынылған.