Елімізде 3 млн-нан аса адам медициналық сақтандыру жүйесін пайдаланып жүрген жоқ
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері өткізген брифинг барысында айтылды. Сондай-ақ енді азаматтар 12 айға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын бірден төлей алады. Ал төленбей қалған кезеңдердің ақшасын кешіру мәселесі де қарастырылған. Бұдан бөлек, брифинг барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тұрғындарға қызмет көрсетілмесе де, оны көрсетілді деп жалған ақпарат беру фактілері де бар екені айтылды. Мұндай жағдайда заң бұзған мекеме немесе қызметкер алған қаражаттың 300 пайызы көлемінде айыппұл төлейді.
Ілияс Мұхамеджан, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары:
Азаматтарға ақпарат ретінде осындай жалған ескертулер түсіп жатыр. Біздің қордың сарапшылары 8 айдың ішінде 28 мыңнан астам осындай фактіні тіркеген. Ол фактілер бойынша көрсетілмеген қызметті «көрсеттік» деп мәлімдеп, ақшасын төлеуге өтініш береді. Біз оны әрқашан тексереміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15
Қызылордада оқушылар шекара заставасымен танысты
20.08.2026, 10:13
Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады
20.08.2026, 10:12
Бүгіннен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
20.08.2026, 10:09
ЖИ бағытында даярланатын мамандардың саны артады
20.08.2026, 10:07
Қытайда гуманоид роботтар жол полициясына жәрдемдесіп жүр
20.08.2026, 10:05
Мәскеуде жанармай саудасына шектеу қойылды
20.08.2026, 10:04
Құрама штаттардың мемлекеттік қарызы 40 трлн доллардан асты
20.08.2026, 10:03