Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Орман өрттері жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірді. Тіпті, төтенше жағдай салдарынан адам өлімі тіркелді. Осыған байланысты Әлихан Смайылов орман шаруашылығы төңірегінде құтқару жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Тікұшақ техникасының жақын жерден су алып, өртті сөндіруін жеңілдету мақсатында орман алқаптарының жанындағы су қоймаларының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет. Біз тікұшақтар паркін үш есе ұлғайту үшін қосымша суқашыртқы құрылғыларды сатып аламыз, оларды өрт сөндіру үшін пайдалануға болады. Бұл Қостанай облысын қоса алғанда, барлық өңірлерге қатысты.
Өңірдегі 7 мектепте жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Салдарынан балалар балабақшалар, мәдениет үйлері, ауыл әкімдіктерінің ғимараттарында оқуға мәжбүр. Премьер-Министр жедел арада шара қабылдау қажеттігін тапсырды. Бұдан бөлек, Үкімет басшысы әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді. Инвестициялық жобаларды іске қосу, инвесторларға барлық жағдайды жасау керек. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу қажет. Жылумен жабдықтау жобаларына қаражат бөлу мәселесін пысықтау міндеті тұр. «Қостанай-Денисовка» көлік жолын реконструкциялау жөніндегі жобаны қаржыландыру, жыл соңына дейін жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау керек, деді Премьер-Министр.