Депутат пікірі: Еліміздегі су қорлары ластанып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат пікірі: Еліміздегі су қорлары ластанып жатыр

15.09.2022

Еліміздегі су қорлары ластанып жатыр. Себебі, кей өңірде экологиялық заңнама талаптары сақталмайды. Жерасты суларының деңгейі де төмендеп барады. Бұл мәселені Мәжіліс отырысында депутат Ғани Ташқараев көтерді. Мысалы, Түркістан облысы Сайрам ауданының диқандары су тапшылығынан егістіктің 60 пайызын жоғалтып, шығынға батып жатыр. Үкімет басшысына жолдаған сауалында депутат- аймақтарда қордаланған проблема көп екенін айтты. Оларды шешуге қомақты қаражат керек. Ал алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджет жобасында бұған ақша қарастырылмаған. Өзен маңындағы ашық карьерлерде су лас. Ал су тазартқыш станциялар тек тексеру кезінде ғана жұмыс істейді, - дейді депутат. 

Ғани Ташқараев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Еліміздегі карьерлер жұмысының заңдылығын қайта тексеріп, оларды өзен арналарынан алыстатуды қарастыру қажет. Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігіне қарасты Су ресурстар комитетіне еліміздегі су қорларының көлемін көбейту мақсатында кіші су қоймаларын салуды қарастырып, жол картасын жасау тапсырылсын.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу