Елімізде су саласын дамытудың үш жылдық кешенді жоспары әзірленуде
Елімізде су саласын дамытудың үш жылдық кешенді жоспары әзірленіп жатыр. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында су саласын кешенді дамыту шаралары қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазір жаңа су кодексі әзірленіп жатқанын айтады.
Сондай-ақ, трансшекаралық өзендер келіссөздері кезінде Қазақстанның позициясын нығайту мен су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту жоспарын таныстырды. Бұл су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту мен су қоймаларын салу жұмыстарын кезең кезеңімен атқаруға мүмкіндік береді. Үкімет басшысы сала мамандарына су үнемдеудің тиімді тетіктерін әзірлеуді тапсырды.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:56
5 маусым - Экологтар күні
05.06.2026, 20:54
Солтүстікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:52
«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
05.06.2026, 20:50
Әскердегі жасанды интеллект: Болашақ сарбазы қандай болады?
05.06.2026, 20:47
Қазақстанға әйгілі Du Soleil циркі келді
05.06.2026, 20:44
«Хезболла» тобы ымыраны қолдамады
05.06.2026, 20:10
Эболадан қаза тапқандар саны 60-қа жетті
05.06.2026, 20:09