ҚР Президент оркестрі Бурсада өнер көрсетті
Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Түркияның Бурса қаласында өтіп жатқан ІІ халықаралық әскери оркестрлер фестивалінде өнер көрсетті. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы өткізген шараға түркітілдес 5 елдің өнерпаздары қатысып жатыр. Олар шахардағы тарихи жерлермен жүріп өтіп, қала халқына өнер көрсетті. Ал кешкілік гала концертте ұлттық және патриоттық әуендер орындалды. Қазақстан Президенттік оркестрінің түрлі жанрдағы өнерімен қатар жауынгерлік сап түзеуі де көрерменді тәнті етті. Осман империясының тұңғыш астанасы Бурса биыл түркітілдес елдердің мәдени астанасы болып жарияланған еді.
Құрмет Бейсембаев, ҚР мемлекеттік күзет қызметі президенттік оркестрінің дирижері:
Жергілікті халық бізді ыстық ықыласпен қарсы алды. Бізбен өзге елдердің кәсіби өнерпаздары да қойылымын көрсетті. Президенттік оркестріміз бұған дейін «Спаская башня», «Бремен тату», «Берлин татум» атты әлемдік деңгейдегі шараларға қатысқан болатын. Дегенмен Түркияға алғаш рет келіп тұрмыз.
Самет Тахмисоғлы, көрермен:
Қазақстандық оркестрдің қойылымы барысында көне түркілердің әскери рухын сезіндік. Өзімді бір аттың үстінде жауға шапқан секілді елестеттім. Әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу асылы: Талдықорғанда ерекше ақбоз жылқылар өсірілуде
12.11.2025, 13:18
Ақмола облысындағы пестицид зауытына қолдау қажет
12.11.2025, 13:15
Бразилияда БҰҰ климаттық конференциясы өтіп жатыр
12.11.2025, 13:12
Елде алдағы күндері 20 градус аяз болады
12.11.2025, 13:09
Сарапшы: Президент сапары стратегиялық маңызға ие
12.11.2025, 13:06
Оралда Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде
12.11.2025, 13:03
Цифрлық қолтаңба: Биометриялық әдістер енгізіледі
12.11.2025, 13:00
Мәскеуде қазақ мәдениетінің күндері өтті
12.11.2025, 10:14