Табысын жасырғандарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр
Елімізде проблемалық алимент істерінің саны 12 700-ге жетті. Олардың жалпы берешегі 18 миллиард теңге. Бұл туралы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков мәлімдеді. Былтыр мәжбүрлеп өндіру органдары 354 мың өтінішті қарастырып, оның 60 мыңы бойынша өндіріп алған. Мамандардың айтуынша, берешектің негізгі себептері – тұрақты жұмыстың болмауы және табысты жасыру. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар табысын әдейі төмендетіп көрсететін тұлғаларды анықтау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Махсат Балабеков, ӘМ мәжбүрлеп
орындату комитетінің төрағасы:
Өткен жылы 4824 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 380-і қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Борышкерлердің жасырын кірістерін анықтау бөлімінде министрлік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Қаржы министрлігімен бірлесіп, борышкерлер туралы мәліметтерді ұсыну бойынша ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізуде.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11