БҚО-да қырылған балықты жоя бастады
Батыс Қазақстан облысы Сарыайдын көлінде қырылып қалған балық жойылып, мамандар тоғанды тазалап жатыр.
Оқиға Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округіндегі қос көлді жалғайтын терең сағасында болған. Мөңке балық қыста ауа жетпегендіктен, қырылып қалған. Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, су айдынынан 5 тоннадай балық өлексесі алынған. Санитариялық-эпидемиологиялық станция мамандары мен ветеринарлар су мен балықтан сынама алған. Әзірге қорытындысы шыққан жоқ. Қазір қырылған балық шұңқырға көміліп, жойылып жатыр. Ауылдық округ әкімінің айтуынша, инспекторлар қыста балық аулаған тұрғындарға айыппұл салған. Көлді ойғанда мұндай жағдай болмас еді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09