Ақтау студенттері ЖИ дағдыларын меңгеріп жатыр
Ақтауда 90 студент білім, өндіріс және ІТ салаға жасанды интеллект енгізу дағдыларын меңгеріп жатыр. Ғылыми-инновациялық оқу былтыр қолданысқа берілген технопаркте өткізіледі. Болашақ мамандар мұнда киберқауіпсіздік, блокчейн, мобильді қосымша жасаудың қыр-сырын үйреніп, веб-сайтқа код жазуды қолға алған. Жасанды интелектке баулу «01 Edu» бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Айта кететін жәйт, аймақта ІТ мамандарына сұраныс жоғары. Сондықтан өндіріс пен әлеуметтік саланы цифрландыруға үлес қосу үшін аталған студенттер арнайы оқытылып жатыр.
Аслан Тыныштық, студент:
Қазіргі таңда міне, жасаған сайтымның біреуі новостной сайт. Адам бұл жерге өзінің новостын жаза алады белгілі бір. Сосын оны жұрттар оқи алады. Бұл бағдарламаның жақсы жері белгілі бір расписание жоқ, біз өзіміз келіп, өз тапсырмамызды орындай аламыз. Сосын үйрену үшін біз жасанды интеллект қолданамыз.
Зарина Абдуали, бағдарламалау тәлімгері:
01еду жүйесі peer-to-peer әдістемесіне негізделген жасанды интеллект мектебі. Бұл мектепте біздің студенттердің ешқандай мұғалімі болмайды. Олар 01 еду деп аталатын цифрлық платформада өз бетінше білім алады. Қазіргі таңда жасанды интеллект және аити мамандары өте сұранысқа ие болғандықтан бұл өте актуалды мамандардың бірі деп айтсақ болады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04