Өңірлік экологиялық саммит өзара әріптестікті күшейтеді
Өңірлік экологиялық саммит Орталық Азия елдері үшін маңызды халықаралық алаңға айналмақ. Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында көтерген еді. Басты мақсат – өңір мемлекеттерінің экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу. Күн тәртібінде сегіз негізгі бағыт бар. Атап айтқанда, климаттық көшу, энергия тиімділігі, су және азық-түлік қауіпсіздігі, табиғи ресурстарды тұрақты басқару, сондай-ақ жасыл технологиялар мен цифрлық құзыреттерді дамыту мәселелері талықланады. Әсіресе су ынтымақтастығы, су секторын қаржыландыру және цифрландыру тақырыптары ерекше назарда. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы саммит өңірлік ынтымақтастықты күшейтеді. Сонымен қатар, ортақ тиімді әріптестік платформасына айналуы ықтимал.
Санжар Бөлегенов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылық сарапшы:
Соңғы 115 жылдың ішінде Қазақстанның климаты 5,7%-ға дейін көтерілген. 2050 жылға қарай осы Орталық Азияда 51%-ға дейін су тапшылығы байқалып отыр. Сол себепті осындай саммиттің маңызы мына Орталық Азия мемлекеттерінің институционалды серіктестігін одан әрі нығайтуға бағытталған. Осы тақырыптардың аясында Өңірлік Экологиялық саммит әсіресе су мәселесі бойынша мынау мұхитқа жол жоқ мемлекеттер үшін өте ерекше платформаға айналатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы