Коммуналдық төлемдер бірден қымбаттамайды
Наурыз айының соңында аяқталатын мораторийден кейін тарифтер күрт қымбаттамайды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті өкілдері мәлімдеді. Десе де сапалы қызмет үшін теңгерімді баға қажет дейді сарапшылар. Өйткені елімізде инфрақұрылымның тозуы жыл сайын 3-4%-ға артып жатыр. Қазірдің өзінде инфрақұрылымдарының 50 пайыздан астамы ескірген. Бұдан бөлек, бұл салада кадр тапшы. Сарапшылар апаттарды болдырмау үшін жарық, су, жылу желілерін жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жалғасатынын айтты. Сондай-ақ, кәсіпкерлер үшін электр энергиясы мен теміржол тасымалының бағасын өсірмеу қарастырылған. Ал әлеуметтік осал топтар үшін жеңілдіктер сақталады. Айта кетейік, мараторий жарияланғанын біле тұра кейбір монополистер бағаны негізсіз өсіріп жіберген. Биыл тұтынушылардан 700-ден аса арыз түсті. Бүгінде тұрғындарға 14 миллирд теңге қаражат қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл ретте комитет өкілдері түбіртекке мұқият болуға кеңес берді.
Қазір теңгерімді шешім қабылданады. Бұл жерде күрт өзгеру, күрт өсу деген сияқты болмайды. Осы жылдың аясында әр субьектінің қажеттілігіне байланысты, әр өңірдің тозығына байланысты тарифтерді жеке-жеке қарастыратын боламыз.
Енді былай изностары аз болғанымен, оны сол маңда көбейтпей ұстап тұру керек. Егер оған инвестиция құйылмаса, бір 4-5 жылдан кейін біздің жағдайымызда 50-60-70 процентке барып қалуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы