Басты Жаңалықтар Абай облысында республикалық жолдар бақылауға алынды

Абай облысында республикалық жолдар бақылауға алынды

Абай облысында көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілді. Өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдары тәулік бойы бақылауға алынды. Жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын күре жолдардың қауіпті учаскелері жіті қадағалауда. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалының мамандары 17 учаскеде алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қауіпті кезеңге дайындық аясында 7 апаттық бригада жасақталып, 70-тен астам арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, қажетті материал қоры жеткілікті. Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар да тазартылды. Қазіргі таңда 100-ден астам су өткізгіш құбыр қардан аршылған. Жол бойындағы барлық нысан – көпірлер мен су өткізу жүйелері тұрақты бақылауда.

Алмат Шойынбаева, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Абай облыстық филиалы директорының орынбасары:

1948 шақырымда бізде 17 учаскеде су тасқынына апатты учаскелер деп белгіленген. Ол өткен жылдардағы практика бойынша, 23,24,25 жылдары су келген участоктерде барлық материалдар дайындалды. Бүгінгі таңда «Семей – Қайнар», «Таскескен – Бақты», «Аягөз – Тарбағатай» бағыттарында барлық қиыршық тас материалдары учаске басына жеткізілді.


Бөлісу