Басты Жаңалықтар Украинаның атом электр станциясы тағы шабуылға ұшырады

Украинаның атом электр станциясы тағы шабуылға ұшырады

Украинаның Запорожье атом электр станциясы тағы да шабуылға ұшырады. Сол үшін Ресей мен жергілікті армия бір-бірін айыптап отыр. Осы жолы снаряд кешеннің кеңсесі мен өрт станциясына тиген.

Оқиғаға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңдаушылық білдіріп, Еуропадағы ең ірі АЭС-тің маңында қалыптасқан жағдайды «апатқа жетелейтін ахуал» деп атады.

Қытай мен АҚШ-та ядролық станцияға МАГАТЭ инпекторларын кіргізуге шақырды. Және де Вашингтон атомдық нысанның айналасында әскери емес аймақ құруды ұсынды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ресей армиясы АЭС-ті Украина әскерін атқылайтын позицияға айналдырған. Президент Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Еуропаның ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ресейліктерді Запорожье АЭС-інен дереу қуу қажет.

Арыстан Рысбек


Бөлісу