Украинаның Одесса портынан алғашқы астық тиеген кеме жолға шығуы мүмкін
Украинаның Одесса портынан алғашқы жүк кемесі бүгін жолға шығуы мүмкін. Мұны «BBC» хабарлады. Оның дерегінше, жүгері тиелген су көлігі Сьерра-Леоне мемлекетінің туымен Ливанға жергілікті уақытпен сағат 8:30-да аттануы керек. Осыған дейін Түркия президентінің баспасөз қызметі де Украина порттарынан астық тиелген кемелердің дүйсенбіде шетелге кете бастайтынын хабарлаған еді. Ресей мен Украина Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Түркияның арағайындығымен астық экспортын жандандыру туралы келісімге өткен айда Ыстамбұлда қол қойды.
Айта кетсек, әскери жанжал кесірінен Украинаның қоймаларында 22 миллион тонна бидай мен өзге де ауылшаруашылығы өнімдері жиналып қалып, халықаралық нарыққа шыға алмай отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09