БҰҰ: Бидай тасымалы жуық арада қайта жанданады
Украинаның Қара теңіз жағалауындағы порттардан астық тиелген кемелер бірнеше күнде жолға шығуы мүмкін. Мұны БҰҰ-ның өкілі Фархан Хак мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина бидайын экспорттау туралы келісімге қол қойған барлық тарап сол келісімді орындауға міндетті.
Айта кетейік, тараптар жұма күні Ыстамбұлда ортақ мәмілеге келген болатын.
Соңғы мәліметке қарағанда, Украина қоймаларында 20 миллион тоннадай астық жиналып қалған. Оларды шет мемлекеттерге жеткізуге қарулы қақтығыстар кедергі болып отыр.
Фархан Хак, БҰҰ өкілі:
Жасалған келісімдерге сәйкес, азық-түлік пен тыңайтқыш тиелген кемелердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Ол кемелер Украинаның үш портынан: Одесса, Черноморск және Южныйдан жолға шығуы тиіс. Біз, ең бастысы, су көліктерінің жүруіне тиісті жағдай жасалғанына көз жеткізуіміз керек. Бұл талабымызға сәйкес келмеген жағдайлар сәтсіздікке ұшыратады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15