Дәрі-дәрмек сатып алатын портал жұмыс істемей тұр
Медициналық ұйымдар халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатып ала алмай отыр. Себебі арнайы портал жұмыс істемей тұр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осылай деп дабыл қақты.
Мамырда препараттар мен емдеу бұйымдарын сатып алуды реттейтін жаңа ереже бекітілген еді. Яғни дәстүрлі сатып алу тәсілі тоқтатылып, электронды түрі ғана енгізілді. Бұл орынды. «Бірақ, толық жүйеленбегендіктен, денсаулық сақтау ұйымдары тығырыққа тірелді», - дейді «Атамекен» палатасының атқарушы хатшысы Нұрлан Сақуов. Салдарынан фармацевтикалық өнімдердің өндірушілері мен жеткізушілері порталға кіре алмай отыр. Осыдан науқастар зардап шегуде. Сондықтан проблема шешілгенше, бұрынғы нормаларды қайтару қажет. Сала министріне хат жолданды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12