Елімізде байланыс қызметіне талап күшейтілді
Мемлекет басшысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Президент мақұлдаған жаңа заңда халықты сапалы интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қарастырылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы байланыс саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс қызметтеріне қатысты жауапкершілікті күшейту мақсатында жаңа талаптар мен өзгертулер енгізді.
Ерхан Таткен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы:
Біздің министрлік тиісті ұйымдар мен байланыс операторларына айыппұл мөлшерін көбейтті. Енді бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторлары 100 АЕК орнына 1000 АЕК-ке айыппұл салады. Сапасыз интернет болған жағдайда тұрғындар біздің министрлікке электронды үкімет және Е-өтініш платформасы арқылы арыз-шағымдарын айта алады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17