Дербес өңір атанған Жетісу облысының әкімшілік аумағына Алакөл, Сарқан, Ақсу, Көксу, Қаратал, Ескелді, Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Талдықорған және Текелі қалалары кірді. Алматы облысының құрамында Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Балқаш, Ұйғыр, Кеген, Нарынқол аудандары мен Қонаев қаласы қалды. Тұрғындар санына келетін болсақ Жетісу аймағында 670 мыңнан астам халық, Ал Алматы облысында 1 млн 400 мыңдай тұрғын болады. Бүгін Талдықорған қаласында Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс 20-шы сессиясы өтті. Онда екі облыстың мәслихаты құрылып, Жетісу облысына 19 депутат, Алматы облысына 26 депутат бекіді.
Гүлнар Тойлыбаева, Жетісу облыстық мәслихатының хатшысы:
Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, барынша біздің депутаттар өзіміздің үлесімізді қосатын боламыз. Халықтың ары қарай дамуы көркеюі, еліміздің өркендеуі, Жаңа Қазақстанның құрылуы қазіргі біздің негізгі мақсатымыз. Осы мақсатта барлығымыз жауапкершілікпен жұмыс атқаратын боламыз.