Алматы және Жетісу облыстары ресми құрылды
Бүгін Талдықорған қаласында Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс 20-шы сессиясы өтті. Бұл басқосуда екі облыстың мәслихаты бекітілді.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Жаңа ғана мәслихаттың кезектен тыс 20 шы сессиясы аяқталды. Мәслихат екіге бөлінді. Жетісу облысына 19 депутат, Алматы облысына 26 депутат бекітілді. Дәл осы сессия аяқталғаннан кейін Жетісу облыстық мәслихатының алғашқы сессиясы өтіп, хатшысы сайланды. Сондай ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары құрылды. Депутаттар бүгін шынымен де ел тарихындағы ерекше күн екенін атап өтіп жылы лебіздерін білдірді. Жетісу облысының әкімшілік құрамында 8 аудан және 2 қала қалды. Жаңа облыстағы 19 депутат осы аудандардың өкілдері. Ал, облыстың басшысы кім болатыны алдағы уақытта белгілі болмақ.
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09