2023 жылы Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер туризм министрлерінің жиыны өтеді
Түркі мемлекеттері туризмді дамытуда бірлесе әрекет етуі тиіс. Жаңа Жібек жолын жандандыру үшін бауырлас елдер арасындағы байланысты арттыру маңызды. Түркітілдес елдердің 2022 жылғы туризм астанасы болып таңдалған Әзірбайжанның Шамахи қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер туризм министрлерінің жиынына қатысушылар осындай пікірде. Осымен жетінші рет кездесіп отырған министрлер Жаңа Жібек жолын жандандырудың жол картасын дайындауға келісті. Жиналғандар түркітілдес елдердің туризм әлеуеті жоғары екенін, бірлесе жұмыс істесе, саладағы түйткілді мәселелердің барлығын шешуге болатынын тілге тиек етті. Министрлердің келесі басқосуы 2023 жылы Қазақстанда өтетін болды.
Мирвохид Азимов, Түркі мемлекеттері ұйымы төрағасының орынбасары:Бүгінгі жиынымыз өте мазмұнды өтті. Туризмді дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқыладық. Туризмді жандандыру - Түркі мемлекеттері ұйымы үшін басым бағыттардың бірі. Сондықтан Жаңа Жібек жолын қайта құру үшін бүгінгі жиында талқыланған жобаларды бірлесе жүзеге асырамыз деген үміттемін.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды
23.09.2026, 17:36
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясына 80 мыңдай адам қатысқан
23.09.2026, 17:34
Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды
23.09.2026, 17:29
Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген
23.09.2026, 17:27
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
23.09.2026, 17:26
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа байланыс күшеймек
23.09.2026, 17:24
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі
23.09.2026, 17:21
Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді
23.09.2026, 17:19