Балалар әндері байқауына өтінім қабылдау аяқталды
Балалар әндері байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Оған еліміздегі 28 үміткерден барлығы 109 ән келді. Өтінім жолдағандар арасында елімізге танымал кәсіби композиторлармен қатар жаңа авторлар да бар. Ендігі кезекте білікті қазылар алқасы үздіктерді іріктейді. Оның құрамында ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан композиторлары одағының төрағасы Серік Әбдінұров, балалар ақыны Серікбол Хасан да бар. Жеңімпаз атанған 5 әнге «Balapan» тегін бейнеклип түсіріп, телеарна эфирінен көрсетеді. «Балалар жылы» аясында жарияланған бұл байқау қазақ балалар әндерінің көбеюіне үлес қосып, осы бағытта жазатын авторлардың шығармашылығын жан-жақты насихаттауды көздейді.
Ламбриан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05