Басты Жаңалықтар Мобильді аударымдар: Банктер деректерді комитетке тапсырды

Мобильді аударымдар: Банктер деректерді комитетке тапсырды

Бүгін банктер салық органдарына мобильді аударымдар бойынша жыл басынан бері жиналған мәліметті тапсырды. Енді жеке шотыңызға үш ай қатарынан 100 немесе одан көп адамнан ақша түссе, қаржы ұйымдары бұл туралы бірден Кірістер комитетіне хабарлайды. Бұл салықтан жалтарып жүргендерді анықтау үшін жасалып отыр. Ал кәсіпкер ретінде тіркелмегендер айыппұл төлейді. Ескеретін жайт, аударымдар тұрақты түрде үш ай бойы жалғасса және жалпы сома шамамен 1 млн 20 мың теңгеден аспаса, салық төлеуге ешкім мәжбүрлемейді. Әуелі ақша не үшін жиналғаны анықталады. Мәселен, мақсатыңыз қайырымдылық жасау болса, тиісті құжаттарыңызды көрсетсеңіз жеткілікті. Жасырын кәсіп жүргізбегеніңізді 30 күн ішінде дәлелдей аласыз.
Ерсайын Көптілеуұлы, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының бас сарапшысы:

Яғни сіз кәсіпкерлік жағдайды көздемесеңіз, уайымдамаңыз. Тиісті түсінік берсеңіз болды. Ал егер кәсіпкерлік мақсатта болса, салық есептілігін тапсырып, салық төлеуге шақырамыз. Туған-туыс, бауыр, дос-жаран арасындағы аударымдар салықтандыруға жатпайды және назарға алынбайды. 

Бөлісу