Басты Жаңалықтар Президент «Астана» х/қ қаржы орталығының басқарушысы Р.Бектұровты қабылдады

Президент «Астана» х/қ қаржы орталығының басқарушысы Р.Бектұровты қабылдады

«Астана» халықаралық қаржы орталығына тіркелген компаниялар былтыр ел бюджетіне 136 миллиард теңгеге жуық салық төлеген. Бұл туралы Президент қабылдауында болған орталық басқарушысы Ренат Бектұров айтты. 2025 жылдан бастап бұл алаңға 1800-ден аса жаңа компания тіркелді. Орталық қатысушыларының жалпы саны 5400-ден асты. Ал инвестиция көлемі 21 миллиард 500 млн долларға жетті. Мемлекет басшысына авиациялық-қаржылық экожүйені дамыту мақсатында Aviation Finance Hub іске қосылғаны туралы мәлімет берілді. Бұл бастама әуе кемелерін қаржыландыру мен лизингті дамытуға, салалық сараптаманы жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ венчурлық қорлар мен студиялар және краудфандинг платформалар ашу арқылы өңірдегі креативті индустрияны қолдауға арналған экожүйені дамытуда.
Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

Сонымен қатар біз кеше ғана Junior mining яғни тау-кен саласында кішігірім компанияларға инвестиция тарту үшін жаңа алаңды құрдық. Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын халықаралық аренада ары қарай дамыту, елімізге инвестиция тарту және де басқа мәселелер туралы нақты тапсырмалар берді. 

Бөлісу