Кімдердің несиесі кешіріледі?
Несие кешіріледі. Бірақ жеңілдік барлығына бірдей жасалмайды. Мұндай мүмкіндік ең төменгі жалақы, яғни табысы 170 мың теңгеден аспайтын борышкерлерге беріледі. Азаматтың атында мүлкі болмауы да шарт. Алайда, берешектің өтелмегеніне 5 жыл өтсе, несие кешірілмейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты. Оның сөзінше, агенттік кімдердің қарызы есептен шығарылатынын арнайы база арқылы автоматты түрде анықтайды. Сосын борышкердің нөміріне СМС хабарлама келеді.
Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:
Бүгінде 70 мың адам бокнроттыққа өтінім бергенімен, 500 мың адам мұны қолданбай жүр. Яғни, банкроттықты алуға мүмкіндіктері бар, бірақ өтінім жазуға асықпайды. Өйткені, бұл жеңілдікке іліккендерге 5 жыл бойы несие берілмейді.Ипотека алу қиындайды
Ипотека алу қиындайды. 1 шілдеден бастап несие беру тәртібіне өзгеріс енгізілмек. Бұдан былай банктер табыс көзінің бар-жоғына баса мән береді. Зейнетақы жарнасына, міндетті медициналық сақтандыруға жүйелі түрде қаржы түспесе, оларға ипотека берілмейді. Мұның барлығы арнайы деректер базасы арқылы жүргізілмек. Демек тұрақты жұмысыңыз болмаса, қаржы ұйымдарынан қарыз ала алмайсыз. Айта кетсек, бүгінде банктердің бей-берекет несие рәсімдеуінің кесірінен 1 жарым миллионнан астам адам қарызын төлей алмай жүр.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10