Президент БҰҰ бас хатшысының арнаулы өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады. Кездесуде су ресурстарының жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелері талқыланды. Президент БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөнінде көтерген бастамасына арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл қадам су мәселесіне қатысты сын-қатерлер бойынша халықаралық үйлестіру тетігін кеңейтуге серпін береді. Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитте осы мәселе бойынша халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңін бастау жоспарланып отыр. Тараптар Орталық Азиядағы тіршілік нәрін тиімді пайдалану мәселесі жөнінде де пікір алмасты.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58