Басты Жаңалықтар Несие пайызы арзандауы мүмкін

Несие пайызы арзандауы мүмкін

Қазақстанда Ұлттық рейтинг агенттігі құрылады! Халыққа пайдасы қандай? Енді қаражат қалай бақыланады? Бүгін Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданған заң жобасы жайлы Самал Қабышева рет-ретімен баяндайды.
Қазақстанда несие пайызы арзандауы мүмкін. Рейтинг ашық болса – банктер тәуекелді дұрыс бағалап, артық үстеме қоспай, пайызды төмендетуі ықтимал. Осы мақсатта Қазақстанда Ұлттық рейтинг агенттігі құрылады.
Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

Жаңа Заң алғаш рет Қазақстандағы кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеудің құқықтық негізін белгілейді. Кредиттік рейтингтерді кредиттік тәуекелді бағалау және инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде инвесторлар, банктер және реттеушілер кеңінен қолданады. Бұл қарыз алу құнын төмендетуге, ақпараттық асимметрияны азайтуға және эмитенттердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық рейтинг агенттігінің халыққа нақты пайдасы, несие пайызы төмендеуі мүмкін. Шағын және орта бизнеске жол ашылады Бұрын тек ірі компаниялар ғана рейтинг алатын. Қаржылық деректер жарияланады. Алдау, жасыру азаяды, зейнетақы мен сақтандыру қаражатын сақтау қауіпсіз болады. Қорлар тек сенімді, тексерілген жобаларға инвестиция салады. Әділ және тәуелсіз бағалау жүйесі қалыптасады. Жүйені Ұлттық банк қадағайды.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары:
Бірінші объективтілігіне келгенде, расымен де объективті болады. Себебі,Ұлттық банк бизнес саласымен жұмыс істемейді. Бизнес өкілдерімен тікелей сыбайлас емес, сондықтан, біз объективті қамтамасыз етеміз. Қазір рейтингтік агентікті құрып, біздің рейтингімізді басқа мемлекеттердің субъектілері, басқа мемлекеттер мойындауы керек. Біз жұмыс істеуіміз керек. Тек біреудің рейтингін мойындамай, өзіміздің рейтингімізді мойындату керекпіз.
Бұған дейін елімізде рейтингті негізінен халықаралық агенттіктер беріп келді. Себебі, ұлттық жүйе мен нақты құқықтық база болмаған. Енді, Қазақстанда қаржы нарығы үшін маңызды жаңа кезең басталмақ.
Бүгінгі заң – «ақшамызды кімге сеніп тапсырамыз?» деген сұраққа нақты жауап.Енді компаниялардың бағасы жасырын емес, бәрі ашық әрі әділ қойылады.Бұл жүйені Қазақстан Ұлттық Банкі қадағалайды.Яғни, тәртіп бар, сенім бар.Инвестор үшін тәуекел азайып, кәсіпкер үшін мүмкіндік көбейеді. Ал түпкі нәтижесінде – қаржы нарығы тұрақталып, халықтың қаражаты нақты қорғалып, экономикаға деген сенім күшейеді, деген мәжіліс депутаттары Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бөлісу