Қордай ауданындағы жем зауыты өнімдерін экспорттай бастады
Отандық өнімге кең өріс. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жем зауыты өз өнімдерін экспорттай бастады. Тәулігіне 30-40 тонна мал азығын даярлайтын өндіріс орнында 21 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар.
Төрт жыл бұрын ашылған жем зауыты қазір төрт түлік қана емес, құстарға да азық даярлайды. Оған қажетті шикізатты, яғни дәнді-дақылдарды жұмысшылар өздері әзірлейді. Азықтың бірнеше түрін шығаратын кәсіпорын тағы бір құрылғыны іске қоспақшы. Өндірістік кооператив төрағасының айтуынша, құстармен қатар, қазір балық пен үй жануарларының тағамдарына да тапсырыс түсуде. Сондықтан, жаңа технологияны енгізуді жоспарлап отыр.
Қанат Хайрулла, кәсіпорын қызметкері:
Бізде тауықтың жемі бар ет жағынан. Сондай-ақ, жұмыртқа туатын тауықтарға арналғаны бар. Ірі-қараларға, сауынды сиырларға және жылқыларға арналғандары бар. Бізде жалпы жануарлардың барлық түріне арналған жем бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00