Маңғыстау облысында қаңғыбас иттер балалардың өміріне қауіп төндіруде
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында қаңғыбас иттер балалардың өміріне қауіп төндіруде.
Соңғы кезде ауылдарда босып жүрген иттер көбейген. Ата-аналар балаларын мектепке жібере алмайды. Әкімдікке шағымданғаннан пайда жоқ. Бұған дейін қаңғыбас иттер Бейнеу ауданында 40 шақты қой мен ешкіні тамақтап кеткен.
Дүржамал Құрбанәлиева, Басқұдық ауылының тұрғыны:
Біздің көшелерде ит көбейіп кетті. Балаларды оқуға апара алмаймыз. Мына немеремді жалғыз жіберуге қорқамын. Иттер көшеде өте көп. Бұл қаңғыбас иттердің көзін құрту керек.
Алайда ветеринарлардың ит атуға құқығы жоқ. Жаңа заң шыққалы олар қаңғыбас иттерге қолдарының ұшын да тигізе алмайды. Ал, оған дейін қаңтар, ақпан айларында аудан бойынша 1 мыңға жуық ит атылған. Енді мамандар қаңғыбас иттерді ұстайтын панажай салуды сұрап отыр.
Абжет Бекмурзин, Мұнайлы аудандық Ветеринариялық станция директорының орынбасары:
Тұрғындардан шағым көп. Шағымның көптігі енді күнделікті айтып жатыр. Оның бәрін естіп отырмыз. Осы таңда ештеңе істей алмаймыз. Бізге негізі бұрынғыдай жақсы еді итті аулап, атып, оны жоқ қылатын. Оған енді қолымыз кесіліп қалып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21