Батыс Қазақстан облысында қаңғыбас иттер 72 бас қойды қырып тастады
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында бұралқы иттер 72 қойды тамақтап кетті. Оқиға Жымпиты ауылында болған. Қаңғыбас иттер түнде қораға кіріп, қой-қозыны баудай түсірген. Қазір өңірдегі әріптесім Ардақ Мұратқызы бізбен тікелей байланысқа шығады. Ардақ, мал шығын өтеле ме? Жергілікті билік өкілдері не дейді?
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Заң бойынша бұралқы ит өлтірген малға өтемақы төленбейді. Ал аудан әкімі шығынға ұшыраған тұрғынға демеушілік көмек көрсетілетінін айтты. Негізі бұралқы иттердің малға бас салуы наурызда да болған. Ол кезде Батырбек Жұбанғалиевтің 12 қойын тамақтаған. Ал соңғы екі түн қатарынан 60 қойды өлтіріп кеткен. Тілерсегі тістеліп, жараланғандары да бар.
Батырбек Жұбанғалиев, ауыл тұрғыны:
Сұмдық жағдай. Азын-шоғын асырап отырған малымыз. Бұнымен маған 3 рет шауып тұр. 8 наурызда 12 басымды өлтірді. Со кезден бастап әкімдіктің табалдырығын тоздырдым. Жалпы саны 70-тің үстінде кетті. Дегенмен, жүре алмайтын қойлар, міне, жатыр. Кеше сойдық, бірақ өткен жоқ. Бәрін далаға лақтырдық.
Жалпы ауылда мұндай оқиға жиілеген. Полиция өкілі мен ветстанция мамандары қойға қырғидай тиген екі қаңғыбас иттің көзін жойған. Жыл басынан бері жазатайым оқиғаның алдын алу үшін ауылда 155 ит ұсталған. Ал итті күтіп ұстау ережесін бұзған 18 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21