Ақмолада Бурабай, Шортанды, Қопа көлдерін тазалау келер жылға жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолада Бурабай, Шортанды, Қопа көлдерін тазалау келер жылға жоспарланып отыр

28.04.2022

Ақмолада Бурабай, Шортанды, Қопа көлдерін тазалау келер жылға жоспарланып отыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері айтты. Бұл көлдерді тазарту «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына енген. Қазір жергілікті атқарушы билік техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттар әзірлеп жатыр. Үш көлді тазалауға шамамен 26 миллиард теңге қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешу де жергілікті әкімдіктің әрекетіне байланысты. Ақмола облысында 134 полигонның 24-інде ғана тиісті құжаттары бар. Қалғаны заңсыз. Облыс орталығы Көкшетаудың өзінде қоқыс полигоны жоқ. Қазір қалдықтар төгіліп жатқан орын экологиялық талаптарға сай емес.

Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

Министрлік болып, әкімшілік болып, жол картаға қол қойдық. 23 тармақтағы жаңағы бүкіл шараларды қостық экологиялық облыс бойынша. Соның біреуі Көкшетаулық полигон. Орнына келтіру. 2024 жылға дейін әкімшілік бізге уәде беріп жатыр, саламыз. Бізде әкімшіліктен талап етіп жатырмыз. Осы орнына келеді деп сенімдеміз.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу