Қаражанбас кен орны аумағындағы теңіз жағасынан 22 итбалықтың денесі табылды
Қаражанбас кен орны аумағындағы теңіз жағасынан 22 итбалықтың денесі табылды. Бүгін таңертең оқиға орнына құзырлы орган өкілдерінен құралған жұмыс тобы барды. Мамандардың айтуынша, теңіз жануарларының денелері бұзыла бастаған. Сонда да тиісті сынамалар алынды. Балық инспекциясының қызметкерлері теңіз жағалауында бақылауды жалғастыруда.
Аслан Жеңісұлы ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі:
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық Балық инспекциясының басқармасының инспекторлары балық шаруашылығы субъектілерін қорықшылық қызметімен бірлесіп, Каспий теңізінің жағалау аймағымен басқа да учаскелерге бақылау жасауда. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балық қорғау инспекторлары бірнеше итбалықтан және теңіз суы мен топырақтан сынама алды. Олар экология департаменті мен ветеринариялық қызметіне тапсырылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21