Қазақстандық жоғары оқу орнының жалауы алғаш рет ғарышта болды
Қазақстандық жоғары оқу орнының жалауы алғаш рет ғарышта болды. Көкшетаулық жоғарғы оқу орнының 60 жылдығы аясында білім ордасының белгісі 18-наурызда халықаралық ғарыш станциясына жіберілді. Вымпелге ғарышкерлер мен астронавттардың қолы қойылған. Сондай-ақ, халықаралық ғарыш станциясының арнайы мөрі басылды. Осы уақытқа дейін ғарышқа халықаралық деңгейде танымал бірқатар шетелдік университеттердің жалаушалары жеткізілген. Қазақстандық оқу орындарының арасынан бұл бірінші рет болып отыр.
Аяулым Құлжанова, университет студенті:
Вымпелді халықаралық ғарыш станциясына «Союз МС-21» басқарған кеме жеткізді, ал 30 наурызда «Союз МС-19» ғарыш кемесі ресейлік-американдық халықаралық экипажымен түсірілетін аппаратында вымпел жерге жеткізілді. Аталған миссия ҚР Білім және ғылым министрлігінен қолдау тауып, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің көмегімен жүзеге асырылды.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00