Оралдық жалғызбасты кейуана баспанаға мұқтаж
Оралда 16 жылдан бері пәтер жалдап тұратын жалғызбасты кейуана көмек сұрайды. Роза Бердешева Семей ядролық сынағынан зардап шеккен жан. Баспана сұрап, әкімдіктің табалдырығын тоздырған ол, бірнеше жылдан бері кезекте тұрғанымен, баспанаға қол жеткізе алмай келе жатқынын айтады.
Роза Бердешева, зейнеткер:
Пәтерде жүргеніме16 жыл болды. Жағдайым шамалы. Зейнетақым азғантай. Баяғы айтатындары - кезекпен аласың, мен кезекті сонда қанша күтем? Бастапқыда 551-ші болып тіркелдім. Он жылдан кейін әлі 111-ші боп тұрмын. Ақылға сыймайды ғой.
Қалада 22 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Жаңа үйлер 13 санат бойынша беріледі. Роза Сағынғалиқызы «Ұлы отан соғысына теңестірілген тұлғалар» санатына жатады деп жауап берді жерглікті билік өкілдері.
Ерлан Шайхиев, қалалық Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:
Роза Бердешова деген апамыз 2012 жылы 1 ақпанда тұрғын үй кезегіне тіркелген. Тұрғын үй қатынастары заңының 74-бабына сәйкес, ол кісіге пәтер кезек тәртібі негізінде беріледі. Пәтер ақысының жартысын төлеу деген жаңадан шығып жатқан бағдарлама бар. Бірақ Роза апаның ол жерде санаты келмейді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00