Семейлік өнертапқыш қалдық заттардан 3D принтер құрастырды
Семейлік өнертапқыш қолда бар қалдық заттардан 3D принтер құрастырып шықты. Техника ғылымдарының кандидаты-Надир Ибрагимов ол үшін көп қаржы жұмсамаған. Құрылғыға қажетті екі бөлшекті ғана Қытайдан тапсырыспен алдырған. Ал өзгелерін фанер, ескі компютерлердің қалдықтарынан жинапты. Принтерге керекті қымбат пластик жіп үшін де шығындалмайды. Өнертапқыш оны бос қалған құтылардан дайындайды. Қазір құрылғысы арқылы қажет детальдарды басып шығарып, өзі студенттері үшін кезекті принтерді құрастырып жатыр. Айтуынша, ол бастапқысынан жылдамдығы жоғары, әрі әмбебап болмақ.
Надир Ибрагимов, техника ғылымдарының кандидаты:
Екінші принтерім пластиктен керек детальдарды шығарып қана қоймайды. Мен шикізат ретінде тағам өнімдерін қолдануды жоспарлап отырмын. Қатық, өзге де қою тағамдар арқылы қажет формаларды басып шығармақпын. Онымен түрлі кондитерлік өнімдерді безендіруге болады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21