Шымкентте «Қорғау» жүйесі іске қосылды
Шымкентте бүгіннен бастап «Қорғау» деп аталатын жаңа жүйе іске қосылды. Енді полицейлер жол қозғалысына байланысты 8 шақырым радиуста болып жатқан кез келген заң бұзушылықты анықтап, оған қатысты шара қолдана алады. Яғни жол ережсін бұзған, жалған мемлекеттік номермен жүрген көліктер, айыппұл мен салық төлемеген жүргізушілер, іздеуде жүрген автокөліктер сол заматта белгілі болып, бірден айып тұрағына жіберіледі. Яғни, полицейлерге заңбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Шаһар аумағын жаңа жүйе арқылы 500-ге жуық полиция инспекторы қадағалайтын болады.
Ұлықбек Мылтықов, Шымкент қаласы Жергілікті полиция басқармасының басшысы:
Бір жүргізуші 4-5 құқық бұзушылық жасайтын болса бәрі планшетке түсіп отырады. Сол арқылы әкімшілік хаттама толтырылады. Осы планшетте 5 функция болған тағы 52 функция қосылады.
Берік Бекжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Еліміздің ең басты құндылығы адам өмірі мен денсаулығы. Осыған байланысты елімізде жол оқиғасын болдырмауға, алдын алу бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Парламент Мәжілісінде әкімшілік құқық бұзушылық кодексін қайта қарау арқылы, зерделеу арқылы жазаны қатаңдату мәселесі қарастырылуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07