Ауыл-аймақты аралаған депутаттар: 2,5 мың өтініштің 300-ден астамы оң шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл-аймақты аралаған депутаттар: 2,5 мың өтініштің 300-ден астамы оң шешімін тапты

21.04.2022

Ауыл-аймақты аралап, тұрғындармен кездескен депутаттар, ең жиі қаузалған 10 негізгі мәселені атады. «Amanat» партиясы фракция мүшелерінің сөзінше, қымбатшылық тақырыбы, ескі мектеп мәселесі және ауызсу тапшылығы алғашқы үштікте. Субсидиялау, жайылым проблемасы мен маман тапшылығына да шағым көбейген. Бұдан бөлек, спорттық және мәдени нысандардың жоқтығы, тұрғын үй мәселесі, интернет сапасының төмендігі, жол салу, қоғамдық көлік желісін дамыту проблемалары жиі айтылған. Партия мүшелері ақпаннан бері халықпен кездесіп, келелі мәселелерін тыңдады. Шалғайдағы ауылдарға барып, халықпен ашық кездесулерді жиі өткізу мәселесін Президент міндеттеген еді. Депуттаттар 800-ге жуық ауылда болып, 1200-ден астам кездесу өткізді. Жалпы келіп түскен, 2 жарым мың өтініштің үш жүзден астамы бірден оң шешімін тапты. Қордаланған өзге сұрақтар арнайы талдау хатқа жинақталып, Үкіметке жіберілді.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Денсаулық сақтау пойызына ұсыныс болған. Әріптесіміз Әлеуметтік даму комитетінің мүшесінің араласуымен аймақтарға баратын болды. Жеке өзіме келетін болсам көзі көрмейтін азамат біліктілікті арттыруға қатысты мәселе көтерді. Денсаулық сақтау министрлігімен келісіп, бұл жігіт арнайы курсқа баратын болды.


Хабарламаларға жазылу